Коронавирус: Израиль 10 адамнан артық топтасуға тыйым салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль билігі елдегі кафе, мейрамханалар, театрлар және басқа да ұқсас мекемелерді жапты. Тек дәріханалар мен азық-түлік дүкендері жұмысын жалғастырады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 14 наурыз күні тұрғындарды үйден істеуге және мүмкін болса сапарға шықпауға шақырды. 

Біз көрінбейтін жауға қарсы соғысып жатырмыз. Мұны жеңу сіздердің әрқайсыңыз жасайтын қадамға байланысты. Біз жұқтырмау үшін қолдан келгенін жасауымыз керек, - деді Нетаньяху . 

Израиль БАҚ хабарлауынша, кафе, бар, дүкендер мен ойын-сауық орталықтары, кем дегенде, 5 аптаға жабылып жатыр. Бірақ азық-түлік супермаркеттері, дәріханалар және жанармай станциялары жұмысын жалғастыра береді.

Бізде азық-түлік жеткілікті. Супермаркеттер жұмысын жалғастырады, тамаққа қатысты проблема болмайды, - деп уәде етті премьер.

Соңғы деректерген қарағанда, Израилде 193 адам коронавирус жұқтырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы