Коронавирус: Италияда көз жұмғандар саны 1000-нан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы деректерге сүйенсек, Италияда коронавирус инфекциясынан 1060 адам көз жұмған.
Бұл туралы бейсенбі күні Италияның Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррели айтты. Бұл сәрсенбі күнгі көрсеткіштермен салыстырғанда 189 адамға көп. Бұл туралы ANSA сайты хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі кезде Италияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 12 839 адам, бұл сәрсенбі күнгі көрсеткішке қарағанда 2249 адамға көп, ал 1258 адам жазылып шыққан.
Ал вирусты жұқтырған, одан көз жұмған және жазылып шыққандардың жалпы саны 15 113.
Көрсеткіштерге қарағанда 6 896 жағдай Ломбардияда тіркелген, 774 адам көз жұмған. Эмилия-Романья ауданында 1758 жағдай тіркеліп, 146 адам көз жұмған.
Бұрындары хабарланғандай Италияда азық-түлік дүкені мен дәріханалардан басқа барлық дүкендер жабылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Еліміздегі әуе рейстерінің саны қысқартылды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы