Коронавирус: Иранда төртінші толқын басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран билігі коронавирустың төртінші толқыны елдің екі провинциясында басталғанын мәлімдеді. 

Бұл туралы correspondent.net Al Jazeera агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Сонымен қатар тағы жеті провинция, оның ішінде Тегеран да қауіпті аймақтардың тізімінде бар.

Бұл толқын басқа провинцияларда да басталуы мүмкін. Сондықтан абай болуымыз керек, - деді ел Президенті Хасан Рухани жолдауында.
Аурудың қайта өршуі 20 наурызда, яғни Иранның жаңа жылы Новруздан екі апта өткеннен кейін басталды. Бұл күндері ирандықтар дәстүрлі түрде саяхаттайды, отбасымен және достарымен кездеседі.

Пандемия басталғаннан бері Иранда коронавирустың 1,9 миллионнан астам жағдайы тіркелді, 63 мыңға жуық адам қайтыс болды, 1,64 миллионнан астам адам емделіп шықты.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 13 наурызынан, яғни індет басталғалы бері елімізде 253 107 адам індет жұқтырды, 3 092 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ 4 сәуірдегі мәлімет бойынша, 27 516 адам коронавирус инфекциясынан (26 180 КВИ+ және 1 336 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 996 пациент стационарда, 17 520 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы