Коронавирус: Иранда шенеунік қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір апта бұрын Тегерандағы ауруханада бір шенеунік коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын.

Ирандық шенеунік – жоғары басшы жанындағы кеңес органының мүшесі Мохаммад Мирмохаммади коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы 2 наурызда ISNA хабарлады.

Мохаммад Тегерандағы ауруханада қайтыс болды. Жасы 72-де болған. Оның өткен жексенбі күні коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызған. 24 ақпанда тест нәтижесі расталып шыққан.

Соңғы ақпараттарға қарағанда Иранда коронавирустан 210 адам қаза тапты. Дегенмен, билік ресми түрде 34 адамның қайтыс болғанын және 388 адамның жұқтырғанын айтып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы