Коронавирус: ДСМ ауру тараған қауіпті елдерді санаттарға бөліп тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі жағдайды ескере отырып, ҚР Бас санитариялық дәрігердің арнайы қаулысы қабылданды. Ол 1 наурыздан бастап өз күшіне енеді. Оған сәйкес қауіпті елдердің 1-санатына Қытайдан бөлек, Оңтүстік Корея, Италия, Иран, Гонконг, Жапония, Макао және Тайвань (ҚХР) арнайы әкімшілік ауданы сияқты елдер кірді. Енді осы елдерден келген азаматтар 14 күн бойы өзін қоғамнан барынша оқшаулауы тиіс. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы