Коронавирус. Індетке шалдыққандарға КТ қай кезде тегін жасалатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Егер өкпеде қабыну процестерінің дамуына күдік болса, компьютерлік томография немесе кеуде қуысының рентгенографиясы жасалады. Ал ол кімдер үшін тегін?

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы филиалының баспасөз қызметі хабарлады.  

Диагностиканың компьютерлік томография мен рентгенографияны қамтитын түрлері пациентке тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тәуліктік стационарға емдеуге жатқызу кезінде тегін жүргізіледі. Сондықтан пневмония белгілері бар сақтандырылмаған науқастарға да көмек көрсетіледі.

Ауруханаға жатқызу денсаулық жағдайы үйде емделуге мүмкіндік бермейтін төмендегі күйге ұшыраған пациенттерге жүргізіледі: 
сатурацияның төмен деңгейі; 
ентігудің жоғарылауы және өздігінен дем ала алмауы; 
өкпенің зақымдануының жоғары деңгейі.

Сатурацияның төмендегенде науқастарды ауруханаға жатқызу үшін көрсеткіш әр түрлі болуы мүмкін. Сол үшін емдеуге жатқызар алдында ПТР-дің оң нәтижесі жеткіліксіз дейді мамандар.

Егер науқас емхана деңгейінде емдеуге жатқызылмай тексеруден өтсе, онда ол жүйелі түрде жарналар төлейтін және сақтандырылған пациенттерге тегін жүргізіледі. Өйткені бұл диагностикалық қызметтер МӘМС пакетіне кіреді.

Үйде, оның ішінде учаскелік дәрігердің бақылауымен емдеу нәтижелері бойынша белгілі бір уақыттан кейін пациентке динамикалық жағдайды тексеру үшін КТ-дан өту қайтадан тағайындалуы мүмкін.

Үйде емделуді шешкен пациенттер аурудың клиникалық белгілері жоғарылап, жағдайы нашарласа, учаскелік дәрігерге хабарлауы қажет.
Сонымен қатар, қажет болған кезде пациенттер үйінде жатып инъекциялар алуына болады. Мұндайда оларға үйде дәрігерлік манипуляцияларды жүргізу үшін емхананың медицина қызметкері барады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы