Коронавирус індетінен тағы 5 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Атырау облысында 1939 жылғы ер адам, 1943 жылғы әйел адам, 1960 жылғы әйел адам. 

Түркістан облысында 1949  жылғы ер адам. 

Шығыс Қазақстан облысында 1963 жылғы ер адам,

Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 178 адам қайтыс болды. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы