Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам тіркелді.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыздағы 13.30 сағ. жағдай
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 57 науқас тіркелді, - делінген хабарламада. 
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматыда вирус жұқтырған тағы бір адам туралы айтты.
Бұл 1992 жылғы қыз. 15 наурызда Стамбұл-Алматы рейсі бойынша ұшып келген жолаушымен тығыз қатынаста болған, - деді ол.

Қазір ол стационарда карантинде жатыр. Дағдайы қанағаттанарлық.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы