Коронавирус. Індетті жұқтыру бір тәулікте 13 пайызға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бір күнде коронавирус жұқтыру бойынша өсім 13 пайызды құрады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 670 науқас тіркеліп отыр. Өткен тәулік бойынша жаңа 78 науқас осы індетті жұқтырды. Жалпы кешегі күн бойынша бойынша өсім деңгейі 13 пайызды құрайды. 78 науқастың тек екеуі астанада, үшеуі Алматы қаласында тіркелді. Басқа өңірлерде 73 жаңа науқас тіркеліп отыр, - деді Елжан Біртанов.
Оның айтуынша, өткен тәулік бойынша өңірлер арасында ең жоғары өсім Ақмола облысында тіркелген. Бұл облыста 6 сәуірде 19 науқас жұқтырған, өсім 83 пайыз.
Екінші орында Қарағанды облысында 16 жаңа науқас, өсім 50 пайыз. Үшінші орында Қызылорда облысында 13 адам, өсім 35 пайыз. Жамбыл облысында 12 жаңа науқас, өсім 43 пайыз құрап отыр. Жалпы қазір ең үлкен өсім осы өңірлерде. Бұл деротен алты адам қайтыс болды, қырық алты адам емделіп шықты, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтаннан Қызылорда облысына барған адамнан вирус анықталды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы