Коронавирус: Грузияда таза ауада бетперде тағу міндетті емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда бүгіннен бастап таза ауада бетперде кимей жүруге рұқсат етті деп хабарлады "Хабар 24". 

Бұл ел тұмшаланып жүруді былтыр наурыз айында міндеттеген. Бірақ жазда шектеу жеңілдетіліп, кейін эпидахуалдың ушығуына байланысты тәртіп қайта енгізілген. Енді вакциналау басталғаннан бері індеттің беті қайта бастады. Күн сайын анықталатын науқас саны 300-ге жетпейді.

Бүгіннен бастап таза ауада маска тағу міндеттелмейді. Қоғамдық көлік пен жабық бөлмелерде бұл шектеу әлі күшінде қалады. 1 шілдеде коменданттық сағат алынып тасталады. Ал екі аптадан кейін Грузияға бір миллион вакцина жеткізіліп, елде вакциналаудың белсенді кезеңі басталады, - деді Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы