Коронавируспен күрес. Пәкістан гидроксихлорохиннің 60 мың таблеткасын берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі Қазақстанның Исламабадтағы Елшілігіне коронавирус індетін емдеу кезінде пайдаланылатын гидроксихлорохиннің 60 мың таблеткасын табыстады.

Дәрі-дәрмектер жуық арада Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіледі және медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – "СҚ-Фармация" ЖШС-ке табысталады - делінген ҚР СІМ таратқан ақпаратта.

ҚР Сыртқы істер министрлігі бауырлас Пәкістан халқы мен үкіметіне достық ниеті мен ишараты үшін алғыс білдіреді және бұл елдеріміз арасындағы ынтымақтастық рухына сәйкес келеді.

Сонымен қатар, Пәкістан халқының көмегі үшін ҚР Мемлекет басшысы да алғыс айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы