Коронавирус: Францияда 150-ге жуық мектеп жабық тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда коронавирустың жаппай таралуы салдарынан 150-ге жуық мектеп жабық қалды. Бірақ ел билігі барлық білім мекемесін жабуды жоспарламайды.
Бұл туралы білім министрі Жан-Мишель Бланкер хабарлады.
Бүгін 150-ге жуық мектеп жабық тұр... 35-40 мың оқушы сабаққа бармай отыр, - деді Бланкер BFMTV телеарнасының эфирінде.
Оның айтуынша, Уаза департаментінде 25 мыңға жуық оқушы, Жоғарғы Савойеде 10 мыңға жуық оқушы үйде отыр.
Егер Франция коронавирус таралуының – эпидемиясының үшінші сатысына көшсе, мектептер, университеттер жабылмайды, - деді Бланкер.
Соңғы деректерге қарағанда Францияда коронавируспен ауырғандар саны 285 адамға жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы