Коронавирус: Франция министрі вирусқа кері әсер ететін дәрілерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веран коронавирус кезінде адамның жағдайы нашарлап кететін препараттарды атады.
Covid-19. Суық тигізуге қарсы препараттарды – кортизонды, ибупровенді және тағы басқаларды ішу – инфекцияның ушығып кетуіне әкелуі мүмкін. Егер дене қызуыңыз көтерілсе, парацетомол ішіңіз, - деп жазды Оливье Веран өзінің Twitter парақшасында.
Министр суық тиіп, ем қабылдап жүрген тұрғындарға өздерін емдеп жатқан дәрігерінен кеңес алуды ұсынды.
Соңғы деректер бойынша Францияда коронавирус жұқтырған 91 адам анықталып, билік тұрғындарды үй карантинінде қалуға шақырған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев: Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керек емес
Өзгелердің жаңалығы