Коронавирус: Франция билігі тұрғындарды үй карантинінде қалуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Француздарға үйде қалып, карантинді сақтауға шақырды. Себебі коронавирус инфекциясы ел бойынша жаппай тарап жатыр.
Испания мен Италиядан кейін Франция көптеген дүкен, мейрамхана және ойын-сауық орталықтарын жауап жатыр. Халыққа шектеу шаралары туралы 14 наурызда Франция премьер-министрі Эдуард Филипп мәлімдеді.
Азық-түлік дүкендері, дәріханалар және жанармай станциялары жұмысын жалғастырады.
Премьер-министрдің айтуынша, үкіметтің басқа амалы болмаған. "Көшеде жүрген адам көп және олар бір-бірінің арасындағы қашықтықты сақтамаған" соң осындай шара қолдануға тура келген.
Сондай-ақ Франция билігі мектептері дүйсенбіден бастап жабады және 70-тен асқан тұрғындарға үйден шықпауды сұрады.
Қоғамдық көлік жұмыс істей береді, бірақ жұмыс берушілер қызметкерлеріне үйден істеуге мүмкіндік бере бастайтын шығар.
14 наурыздағы жағдай бойынша Францияда 91 адам коронавирустан қайтыс болды.