Коронавирус: Елордада 95 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордада жансақтау бөлімінде 95 адам ем қабылдап жатқанын айтты.

Басқарма басшысының сөзінше, елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. 

Қала инфекция жұқтыру бойынша әлі де «қызыл аймақта». Орта есеппен КВИ-мен күнделікті 430 жаңа жағдай тіркеліп отыр. Ол былтырғы шілде айына қарағанда көбірек, - деп атап өтті ол.
Елордада коронавируспен ауыратындарды емдеу үшін 14 аурухана тартылған. 
Аталған ауруханаларда 1 889 төсек-орын бар. Бүгінгі күні 985 науқас ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Оның ішінде коронавирус 901 адамда расталған және 84 адам пневмониямен ем қабылдауда. Жансақтау бөлімінде 95 адам, оның 21 жасанды өкпе желдету аппаратында жатыр. Сонымен қатар 4 мыңға жуық адам үйде амбулаторлы ем қабылдауда, - деп түсіндірді Тимур Мұратов брифингте.
Еске сала кетейік, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың деректеріне сәйкес елімізде өткен тәулікте 2440 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Оның 446-сы елордада тіркеліп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы