Коронавирус: Нұр-Сұлтанда бірден 14 науқас тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жалпы Нұр-Сұлтанда 16 адам, ал Алматыда 11 адам вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтан қаласында жаңа 14 науқас тіркелді,  - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Бұл науқастар барлық карантиндік тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, барлық контактілері анықталды.

Айта кетейік, қазір елімізде 1536 адам стационар карантинінде, 1094 үй карантинінде жатыр. Ал вирус жұқтырғандар саны 27-ге жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы