Коронавирус: Қарағандыда 2, Алматыда 3 науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы 20 наурыздағы 08.30 сағаттағы жағдай коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жеткені белгілі болды.
Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.⠀
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Оның 2-еуі Қарағандыдан, 3-еуі Алматы қаласынан анықталды. Осы сағатта Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, жалпы 49 науқас тіркелді, - делінген ведомство хабарламасында.Қарағандыда коронавирус жұқтырған 2 адам 1972 және 1971 жылы туған Қазақстан азаматтары. Екеуі де 0324 рейсімен Минск-Қарағанды ұшағымен ұшып келген. Сол сияқты Алматы қаласы бойынша 3 адам тіркелді. Оның біріншісі Берлин қаласынан ұшып келген 1979 жылғы әйел адам. Екінші азамат 1997 жылы туылған ер адам, Франциядан ұшып келді. Сондай-ақ үшінші науқас 1982 жылғы әйел адам. Қазір барлығының денсаулықтары жақсы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда тағы бір үй карантинге алынды – БАҚ
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы