Коронавирус. Елімізде 5 млн-ға жуық адам үшінші рет екпе алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді.
9 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 530 881 адам, екінші компонентін 9 314 853 адам салдырды.
Ревакцинациядан өткен адамдар саны – 4 млн 854 мың 343 қазақстандықты құрады.
Бұған дейін 2 201 адам коронавирусқа қарсы ем алып жатқаны туралы айтылған болатын.
Олардың ішінде 291 адам – стационарда, 1910 адам – амбулаторлық деңгейде емделуде. КВИ+ және КВИ- шалдыққандар арасында 14 пациенттің жағдайы ауыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҰҰ: Жаһандық дағдарыс адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіріп тұр
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы