Коронавирус елімізде 10 адамның өмірін жалмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ баспасөз қызметі 2021 жылдың 19 наурыздағы коронавируспен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.

19 наурыздағы мәлімет бойынша, 20 237 адам коронавирус инфекциясынан (16 696 КВИ+ және 3 541 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 813 пациент стационарда, 14 424 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 250 адамның жағдайы ауыр;
• 61 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Сондай-ақ министрлік COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі ұсынды.

2021 жылғы 17 наурыздағы мәлімет бойынша 50 жаңа жағдай тіркелді, 189 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 50 003, өлім жағдайлары - 659, барлығы 45 803 адам сауығып шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы