Коронавирус. Елде 14 мыңнан астам адам індеттен емделіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күлайым Біржанова мәлімдеді.
Айтуынша, соңғы жеті күн ішінде алдыңғы аптамен салыстырғанда коронавирус жұқтыру 3,2 есеге артқан.
Әлемде коронавируспен аурушаңдық деңгейінің өршуіне байланысты елімізде де 20 маусымнан бастап КВИ жұқтыру өсті. Соңғы апта ішінде алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 3,2 есеге, яғни 2558-ден 8156 жағдайға көбейді. Мәселен, соңғы тәулікте 2480 КВИ+ жағдайы мен 13 КВИ- жағдайы анықталды. Олардың 80%-ында соңғы вакцинация немесе ревакцинациядан кейін 6 айдан астам уақыт өткендер, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Белгілі болғандай, Нұр-Сұлтан қаласы 21 шілдеден бастап «сары» аймақта.
Республика мен қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. Ал 22 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустан 14025 адам емделіп жатыр (–13 893+ және 133 КВИ-). Олардың ішінде, 1206 пациент – стационарда, амбулаториялық деңгейде – 12820 адам ем қабылдауда, - деді Күлайым Біржанова.