24 Наурыз 2020 2020, 10:03

Коронавирус: eGov-та қауіпті аймақтың картасы пайда болды

Алматы, BAQ.KZ. Енді коронавирус жұқтырғандар және олармен байланыста болған адамдардың қай жерде орналасқанын білуге болады.

Алматы, BAQ.KZ.  Енді коронавирус жұқтырғандар және олармен байланыста болған адамдардың қай жерде орналасқанын білуге болады.


ЕGov-та коронавирустың қауіпті аймақтарының картасы пайда болды. Ондағы қызыл белгішелер - коронавируспен науқас адамдардың стационарда орналасқан жерлерін көрсетеді, көгілдір белгішелер - коронавируспен науқас адамдармен байланыста болған адамдардың тіркелген жері, олар стационарлы немесе үй карантинінде болуы мүмкін.

24 наурыз сағат 09:00 бойынша елімізде жалпы 66 жағдай тіркелген. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам.