Коронавирус дәуіріндегі кеңес: Қандай және қанша су ішу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Көп су ішіңіз» вирустық ауруларға арналған ең көп таралған ұсыныс. Неліктен суды көп ішуге кеңес беріп жатыр. Бұл сұраққа №1 қалалық емхананың отбасылық дәрігері Оксана Мидо жауап береді.

Ауру кезінде су ішкен кезде біз бірден бірнеше пайдалы емдік процедураларды жасаймыз. Кез келген вирустық жүктеме күшті интоксикацияны береді, бұл жағымсыз белгілерді тудырады - әлсіздік, бас ауруы, буындардағы ауырсыну және бұлшықеттердің ауруы, - дейді Оксана Викторовна. 

Су ағзаға зат алмасу процестерін жақсартуға көмектеседі, жасушаларды оттегімен қанықтырады, қанды сұйылтады, токсиндерді кетіреді және ауырсыну белгілерін жеңілдетеді. 

Таңқурай қосылған шай ішу керек пе? 

Оны да ішу керек, бірақ мен пациенттерге шайдан кейін бір стақан су ішуді ұсынамын. Не үшін? Температура кезінде қан қоюлана түседі, су оны сұйылтуға көмектеседі, су сонымен қатар денедегі ыстықты да түсіреді. Мен пациенттердің анализдерін көргенде, кімнің қанша су ішетінін бірден көремін. Суды аз ішетін адамдарда тромбоциттер нормадан жоғары болады, - дейді ол. 

Ауырған кезде қанша су ішу керек? 

Мұның бәрі сізде температура бар ма, жоқ па - соған байланысты. Жалпы алғанда, адам үшін суды тұтыну нормасы тәулігіне бір килограмм салмаққа 35 миллилитр. Дене температурасының жоғарылауы ішетін су мөлшерінің жоғарылауымен бірге жүруі керек. 38-39 градус температурада сіздің салмағыңыздың әр келісі үшін 50-60 миллилитр су қажет. Бұл сағатына бір стақан су ішу керек деген сөз. Бірақ сіз өзіңіздің денсаулығыңызға қарауыңыз керек. Ең бастысы шектен шықпау керек. Қай жағдайда болмасын өзінің белгіленген мөлшерінен асып кетпеу керек. Артық су немесе су жиналып қалу ағзаға кері әсер етуі мүмкін. Қан қысымының жоғарылауы, бүйрек пен жүрекке салмақ түсуі мүмкін. 

Қайнаған су ішкен дұрыс па? 

Вирустық ауруларда кез келген сусынның температурасы дене температурасымен сәйкес келуі керек, яғни шамамен 37-39 градус. Қайнаған су да, өте суық су да ішуге болмайды. Ыстық шай ішуді ұнататындардың кейін асқазандары ауруы мүмкін, ал тым салқын сусындар метаболизмді баяулатады. 

Мен тек фильтрден өткен тазартылған суды ғана емес, табиғи макро-және микроэлементтермен қаныққан ауызсуды да қолдануға кеңес беремін. Ауру кезінде адам ағзасы маңызды минералдардан – натрий, хлор, кальций, магний және йодтан айырылады. Бұл қосымша проблемаларға – жүрек, жүйке жүйесі мен бүйректің бұзылуына әкелмеуі үшін оларды дер кезінде толықтырып отыру маңызды.
   


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы