Коронавирус. Бүгінгі әлемдегі эпиджағдай қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20,5 миллионға жуық бразилиялық коронавирус жұқтырды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 570 000-нан асты. 

Өткен тәулікте SARS-CoV-2 ауруының 37 613 жағдайы тіркелді. Маусым айында Бразилияның санитарлық қадағалау жөніндегі ұлттық агенттігі «Спутник V» коронавирустық инфекцияға қарсы ресейлік вакцинаны әкелуді және шұғыл қолдануды мақұлдады.

Украина соңғы екі айда КВИ-дің рекордтық ауруын тіркеді. Елде COVID-19 жұқтыру бойынша рекордтық тәуліктіктік көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 24 сағат ішінде коронавирустық инфекцияның 1 447 жағдайы расталды, науқастар арасында – 104 бала және 38 дәрігер бар, бір тәулікте 40 адам қайтыс болды. Бұл 10 маусымнан бергі ең жоғары көрсеткіш, ол кезде 1 603 адам ауырған. Украинада індет басталғаннан бері 2 268 666 COVID-19 жағдайы расталды.

АҚШ-та коронавирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші күннен күнге артуда. Билік COVID-19 жаңа толқынын жариялады және оны «дельта» штамының таралуымен байланыстырды. Анықталған жағдайлардың тәуліктік саны 130 мыңнан асты. Өткен аптадағы індетке шалдығушылардың саны 900 мыңнан асады. Сонымен қатар ауруханаға жатқызылған балалар саны да өсуде. Осыған орай, Ақ үй қайталама вакцина алу мерзімін белгіледі. «Бустерлік» инъекцияны 8 айдан кейін алуға болады.

Балкан Косово Республикасы барлардың жұмыс уақытын шектеді және түнгі клубтардың жұмысына тыйым салды. 20 тамыздан 1 қыркүйекке дейін мейрамханалар мен кафелер сағат 22:30-да жабылады, келушілерді тек вакцинация сертификаты ұсынылған кезде қабылдай алады. Той қонақтарының ең көп саны 300-ден 150 адамға дейін шектелген. Бұрын мұндай шаралар Солтүстік Македонияда енгізілген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы