Қырғызстанда коронавирус бойынша алғашқы өлім тіркелді
Алматы, BAQ.KZ. Қырғызстанде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар арасында алғашқы өлім тіркелді. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб мәлімдеді.
2 сәуір күні Ош облысына қарасты Ноокат өңірлік ауруханасында 61 жастағы науқастың биологиялық өлімі тіркелді. Науқас шетелден келіп, обсервация стационарында ем алған. Одан алынған сараптамадан COVID-19 инфекциясы анықталған ,-делінген хабарламада.
Науқаста басқа да ауруы болғаны айтылған.
3 сәуір күні Қырғызстанда коронавирус анықталған 9 жағдайы тіркелген. Жалпы ел бойынша 125 адамнан қауіпті індет анықталған. Бұған дейін бес науқас жазылып шыққан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қарапайым заттар экономикасы" бойынша жобаларды несиелендіру көлемі ұлғайды - Мәдиев
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы