Коронавирус бір айда жоқ дегенде екі рет мутацияға ұшырайды – профессор

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында эпидемиологиялық ахуалды түсіндірді және коронавирустың мутацияға ұшырауы жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

Вирустар үнемі мутацияға ұшырауға бейім, бұл айына кемінде екі рет мутацияланатын коронавирустарға да қатысты. Вирустар жаратылысынан – паразиттер. Олар иесінен, яғни адамнан тыс өмір сүре алмайды. Вирус жұқтырған адам қайтыс болғанда, онымен бірге вирус та жоғалады. Сондықтан иесінің өлімі вирус үшін тиімді емес. Вирус тірі қалып, адаммен бірге өмір сүру үшін мутацияға ұшырап отырады. Бұл қалыпты эволюциялық процесс, - дейді Алмаз Шарман. 

Оның айтуынша, коронавирус мутациясы жүріп жатыр және ол процесс үнемі болады, нәтижесінде COVID-19-дың маусымдық инфекцияға айналуына әкеледі. Ол вакцинацияның бұл процесті тек жылдамдататынын атап өтті. 

Сонымен қатар, профессор профилактикалық шараларды мүлтіксіз сақтау қажеттігін айтып, ұсынысын білдірді.

Бетперде тағу маңызды. Ол ауызды жауып тұратындай дұрыс тағылуы керек. Адамдар көп баратын орындардан, мерейтойлар, үйлену тойлары, еске алу шараларынан аулақ жүру маңызды. Әсіресе, жабық және аз желдетілетін ғимараттарда өтетін жиындардан сақ болған жөн. Қол гигиенасын сақтап, бөгде адамдардан екі және одан да көп шақырым қашықтықты сақтау қажет, - деді профессор. 

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ-та Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамының пайда болғаны туралы хабар тараған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы