Коронавирус. Баян-Өлгийде ауырғандар саны 44-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Моңғолияның батысындағы қазақтар тұратын аймақ – Баян-Өлгийде коронавирус індетімен ауырғандар саны 44 адамға жетті.
Бұл туралы жергілікті МОНЦАМЭ агенттігі хабарлады.
Моңғолия коронавирус індетін таратпау бойынша айтарлықтай табандылық танытқан елдердің бірі. Дегенмен, сырттан келген моңғолиялықтар ел ішінде індеттің тарауына жол берді.
Бүгінгі таңда ел бойынша қатерлі індетті жұқтырғандар саны 67710 адамға жеткен. Соңғы бір тәулікте 1267 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Ал жазылып шыққандардың жалпы саны 54713 адам болса, бір тәулікте жазылып шыққаны – 632 адам. Коронавирус індеті тарағалы бері Моңғолияда 318 адам қайтыс болған.
Бүгінгі таңда Моңғолияның барлық азаматы бір реткі вакцина алды деуге болады. Вакцинаның бір реткі екпесін алғандардың саны 3,4 млн адамнан асқан. Ал 3 млн адам ПСР тест тапсырған.
Моңғолияның 21 аймағының ішінде Өмнөговь аймағында әлі де бірде-бір жағдай тіркелмеген.
Жоғарыда айтап өткеніміздей, Баян-Өлгий аймағында 44 жағдай тіркеліп, олардың 29-ы ауруханада емделіп жатыр. Олардың 11-і бала. Ауруханада емделіп жатқан үш адамның жағдай ауыр, қалғандарының денсаулығы тұрақты.
Бұған дейін де қандастарымыз орналасқан аймақтағы коронавирус індетінен ақпарат берген болатынбыз.