Коронавирус. Баталовты астанаға жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус жұқтырып алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты елордадағы кардиологиялық орталыққа әкелді. Бұл туралы онлайн-брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов айтты.
Өздеріңіз білесіздер, Амандық ағада коронавирус індеті үш апта бұрын анықталған. Ол емдеу курсынан өтті. Бірақ ентігуі басталып әрі жүрек жетіспеушілігінен дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиологиялық ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылдады, - дейді Батыржан Байжұманов.
Ол қазір Алматы облысы әкімінің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.
Амандық Ғаббасұлы қазіргі кезде қажетті ем-домдарын алып жатыр. Жағдайы біраз жақсарып қалды. Өздеріңіз білесіздер, өзі үнемі спортпен айналысады, денсаулығы өте мықты. Сондықтан жақын арада жазылып шығып, жұмысына кіріседі деп үміттенеміз, - дейді облыс әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 22 маусымда коронавирус жұқтырған болатын. Бастапқыда вирустың симптомсыз түрі анықталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өңірде дәрі тапшылығы жоқ – облыс әкімі
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы