Коронавирус. Қазақстанда сырқаттар саны 8 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда тағы 2 адамның коронавирустық инфекция тестілеуі расталды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн-көрсетілім арқылы айтты.
15 наурызда тіркелген бірінші адам 1959 жылы туған әйел Алматыда стационарда жатыр. Бұған дейін оның жұбайынан коронавирус анықталған соң ол да карантинге жатқызылған болатын. Олар Мәскеу-Алматы рейсімен келген.Бүгін тағы екі адам тіркелді. Бірінші адам – әйел адам. Біздің инфекциялық стационарда жатқан күйеуінен анықталған болатын. Екінші науқас ересек кісі. Сеул-Алматы рейсімен келген. 130 жолаушы түгел стационарлық бақылауға жатқызды... Сонымен жалпы қазір Қазақстанда 8 науқас тіркелді, - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Екінші адам – 1995 жылы дүниеге келген жігіт.
Қазіргі уақытта олардың туыстары немесе жақын контактілері оқшауланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Израиль 10 адамнан артық топтасуға тыйым салды
Өзгелердің жаңалығы