Коронавирус: Қазақстанда салынып жатқан ауруханалар қашан ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық аурухананы 12 күн ішінде салып бітіруді мақсат тұтқан "BI Group" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев бүгін қуанышты жаңалығымен бөлісті.


Ол аурухананың жақын күндері қолданысқа берілетінін Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Бұл кешегі шаңы бұрқыраған, құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан интенсивті терапия бөлімшелерінің суреті. Жақын күндері біз дәрігерлермен бірге керек жабдықтарды орнатып, аурухананы дәрігерлерге тапсырамыз! Дәрігерлер дән риза, енді олар вирус жұрқырып аламын-ау деп алаңдамаса да болады. Әлеуметтік желілерде жүрген қате көрсетілген бағаларға сенбеулеріңізді сұраймыз. Ертең барлығын егжей-тегжейлі жазамын. Құрылыстың құнына қатысты жалған ақпарат таратып, хайп қуғандар істеген әрекеттерінің қате екенін түсінетін болады. Ал енді құрылысшылардың дем алуына мүмкіндік берейік, біз екі апта бойы тынбай жұмыс істедік, қатты шаршадық, – деп жазды ол.
Айта кетейік, компания аурухана құрылысына 5 сәуір күні кіріскен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы