26 Наурыз 2020 2020, 22:50
Коронавирус: Қайтыс болған кісі Ақмола облысының тұрғыны
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қарқынды терапияға қарамастан, Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны ауруханада қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қарқынды терапияға қарамастан, Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны ауруханада қайтыс болды.
Науқастың өліміне екіжақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі, қант диабеті, гипертония және атеросклероз фонындағы сепсис әсер еткен, – деп жазады coronavirus2020.kzТұрғылықты жеріне байланысты Ақмола облысы тұрғыны саналатын бұл науқас Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан көпсалалы облыстық ауруханада емделген. Географиялық тұрғыда жағдай Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан оқиға осы аймақта тіркелді.
Оқиғаға байланысты қосымша түсіндірме жұмыстары ертеңгі брифингте беріледі.