Коронавирус: аурудан жазылған науқаста вирус қайтадан анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір қайта ауырып қалғаны не болмаса қайта жұқтырғаны анықталып жатыр.
Қытайда емделіп ауруханадан шыққан пациенттерден коронавирус қайта анықталып жатыр. Бұл туралы 20 ақпанда Бейжің жаңалықтарына сілтеме жасап Интерфакс хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, коронавирусты емдеу бойынша медициналық топтың басшысы, профессор Чжао Цзяньпин тәуір болып кеткен пациенттерден коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді.
Цзяньпин бұл жағдайды лаборанттардың қателігі, кей пациенттің ерекшелігі немесе тестің дұрыс болмауынан деп түсіндірді. Дегенмен, ол аурудың қайталанғаны немесе қайта жұқтырғаны туралы нақты айта алмады. Айтуынша, вирус организмнен толық кетпей қалуы мүмкін.
Осыған байланысты, профессор Чжао Цзяньпин емделіп шыққан пациенттерді тағы 14 күн қосымша карантинде ұстау керегін қосты. Ал Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайды "әлі де ауыр" деп атады.