Коронавирус: ауру ошағына айналған Хубэйде бірде-бір жағдай тіркелмеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдағы жаңа коронавирус эпидемиясының таралу ошағы болған Хубэй провинциясында қазір COVID-19 коронавирусын жаңадан жұқтырғандардың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. 

Бұған ҚХР денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитеттің келтірген деректері дәлел болды. 

Қазір провинцияда 7795 адам ауырып жатыр, оның 7483-і Ухань қаласында. Соңғы тәулікте барлық провинцияда тек бір жұқтыру фактісі анықталған - оның өзі Ухань қаласында екені белігілі болды. Сондай-ақ, 11 адам қайтыс болды, оның ішінде 10-ы Ухань қаласында, ал біреуі - Сяогань қаласында.

Хубэй провинциясында әзірге шеттен вирус жұқтырып келгендер тіркелмеді.

Эпидемия басталғалы провинцияда 67800 адам вирус жұқтырған (50005 Уханьда), оның 56883-і жазылып шықты, ал 3122 адам қайтыс болды (Уханьда 2490 адам). Қазір провинцияда 7795 науқас ауырып жатыр, оның 2580-і ауыр жағдайда.

ДДСҰ 11 наурызда әлемде жаңа коронавирустың пандемиясын жариялады. 

ҚХР денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитет 12 наурызда елде эпидемияның шарықтау шегінен өткенін мәлімдеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы