Коронавирус: Қарағанды облысында үй карантинінде 1643 адам бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған жаңа 2 жағдай тіркелді, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Ауру жұқтырғандардың 2 жаңа жағдайы тіркелді. Науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған адам. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде, - делінген хабарламада.
12.04.2020ж. жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 65 адам анықталды.
Қарағанды облысында үй карантинінде 1643 адам бар, ал стационарлық карантинде тәулік бойы бақылауға - 725 пациент алынған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Індет жұқтырғандар саны 900-ге жуықтады
Өзгелердің жаңалығы