Коронавирус: Арқалықта бір адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Арқалық қаласында коронавирус індетінен 1937 жылғы зейнеткер қария қайтыс болды, деп хабарлады аумақтық жедел штабы. 

20 сәуірде әйел қан қысымының жоғары болуына байланысты медициналық көмекке жүгінді. Учаскелік дәрігер үйінде тексерген кезде тыныс  алуы  әлсіз болғанын анықтап, алдын ала диагнозы пневмония деп қойған. Зейнеткер әйелдің баласы анасын ауруханаға жатқызудан бас тартқан.  
25 сәуірде ПТР анализдің нәтижесі бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Сол күні, зейнеткер әйел өз үйінде қайтыс болды. Байланыста болған адамдар анықталуда. Эпидемияға қарсы  шаралар орындалып жатыр,  - делінген таратылған ақпаратта.    

Қазіпгі таңда Қостанай облысында COVID-19 сырқаттанудың 39 жағдайы тіркелді, 3 адам сауығып шықты, 2 жағдай өліммен аяқталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы