Коронавирус: Қандай бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге байланысты елімізде қандай бұқаралық шаралар өтпеуі мүмкін екенін айтты.
Шынында да, коронавирус инфекциясы қаупіне байланысты тиісті шектеулер қойылады. Біріншіден, мерекелік іс-шаралар болмайтын болды. Баспасөз мәслихаттары мен көптеген сайыс ұйымдастырылмайды. Біз кейбір іс-шаралардан, соның ішінде спорттық, мәдени шаралардан алдын-ала бас тартамыз. Алдағы уақытта тағы бір мемлекет коронавирус қаупі жағынан бірінші санатқа енгізілуі мүмкін (қазір Қытай, Иран және Оңтүстік Корея 1А санатына жатады). Сондықтан алдын ала ескертеміз. Сапарды кейінге қалдырып, ешқайда шықпаған дұрыс. Сыртқы істер министрлігінің арналары арқылы ескертеміз. Ауруға байланысты жағдай күн сайын өзгеріске ұшырайтындықтан жағдайға күнделікті жаңадан баға беріледі және тиісті шешімдер қабылдаймыз, - деді Біртанов Нұр-Сұлтандағы брифингте.
Орталық деңгейде қандай да бір шараларды шектеп, қоғамдық орындарды жабу туралы бұйрықтың шықпағанын айтып отыр.
Еліміздің әрбір аймағы эпидемиологиялық жағдай мен қауіп-қатер тұрғысынан мүлдем өзгеше. Мысалы, бір өңірде карантин енгізудің қажеттігі болмаса, екінші өңірде халықаралық әуежай болғандықтан онда тәуекелдер бар екені рас. Өйткені ол жерге күн сайын адамдар келіп-кетіп жатады. Осы ретте Қытайды алайық, олар тек Хубей провинциясында ғана карантин енгізді. Ал ел астанасы Бейжіңге белгілі бір шектеулер қойғанымен, толықтай жаппады. Өзге қалаларында жағдай бұрынғыша қалыпты. Оңтүстік Корея мен Италияда да дәл солай. Алдын ала қорқып, жасқанудың қажеті жоқ. Карантинде жатқандардың ішінде спортшылар да, бизнесмендер де, мұғалімдер де бар. Бәріне ереже ортақ, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы