Коронавирус: Алматыға 273 жолаушы анықтамасыз келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 23 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 1 547 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 202 адам, анықтамасыз 345 ҚР азаматы келді.Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 129 жолаушы, анықтамамен - 856, анықтамасыз - 273;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 418 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 72.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет
2021 жылдың 22 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 340 жерлестіріміздің ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. Алматы мен Нұр-Сұлтан «қызыл» аймақта
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы