Коронавирус: Алматыда вирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды іздеп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Департамент қызметкерлері басқа мемлекеттердің органдарымен бірлесе отырып инфекцияға душар болған  адамдармен байланыста болғандарды іздестіруде. Бүгінгі таңда осындай 798 азамат саны анықталып, олар медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің басшысы Қанат Таймерденов онлайн-брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, қалада ішкі істер органдарының қатысуымен коронавирустық инфекцияның алдын алуға және оған тосқауыл қоюға бағытталған шаралар жалғасуда. 
Карантинге байланысты Алматының шекарасына кіру және шығу үшін шектеу қойылады. Ол үшін қаланың кіре берістеріне 10 магистралдық және 27  блок пост қойылады. Сол жерге полициямен бірге Қорғаныс министрлігінің жауынгерлері жұмылдырылады, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол Полиция департаментінде колл-орталық жұмыс істейтінін, азаматтар 257-40-07 нөміріне хабарласып барлық сұрақтарына жедел жауап ала алатынын жеткізді. 
Құрметті азаматтар, сіздерден Ішкі істер органдар тарапынан жасалып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз,-деді департамент басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы