22 Наурыз 2020 2020, 21:35
Коронавирус: Алматыда тағы бір жағдай анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда тағы да коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Телеграм каналында.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда тағы да коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Телеграм каналында.
Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, 22 наурыз, сағат 21:30-дағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 59 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 24, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.