Коронавирус. Алматыда 500-ге жуық адам жансақтау бөлімінде жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда эпидахуал жақсармай тұр. Өткен тәулікте қалада 1 615 адамнан вирус анықталған, оның 1541 симптомдық белгімен, 74-і симптомсыз.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте ауруханадан 263 адам жазылып шыққан, ал келіп түскендер саны 478.
Инфекциялық стационарларда 6 602 адам ем алып жатыр, оның ішінде 199-ы бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 464 науқас бар. ӨЖЖ аппаратында – 31 науқас, инвазивті емес ӨЖЖ – 203, High flow аппаратының көмегімен 207 науқас демалуда, - делінген хабарламада.
БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлері 14 295 науқасты бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 13 762, симптомсыз 533 науқас бар.
Сондай-ақ 22 тамыз күні коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 1 471 адам, 2-компонентін 3 528 адам алған. Жыл басынан бері вакцинаның 1-компонентін 841 986 адам, 2-компонентін 676 373 адам салдырған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысынан кадрлық резервке үміткерлер жасақталып жатыр
Өзгелердің жаңалығы