Коронавирус. Алматыда 2 392 науқас дәрігерлердің бақылауында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда коронавирустың таралуы күн санап өсіп келеді. 14 шілдеде қалада 349 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның 341 симптомдық белгілері бар және 8 симптомсыз.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы инфекциялық стационарларда 300 төсек-орын жүктемесі барын және онда 153 пациент ем алып жатқанын мәлімдеді.
БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 392 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 232, симптомсыз 160 науқас бар.
Қалада коронавиурсқа қарсы вакцина салу жалғасып жатыр. Өткен тәулікте Алматыда вакцинаның I компонентін 363 адам, II компонетін 541 адам салдырды. Ал, ревакцинациядан 1 577 адам өтті. Pfizer (Comirnaty) вакцинасын 117 671 адам салдырды,-деді ведомстодан.
Сондай-ақ қаладағы медициналық ұйымдарда 85 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. 99 вакцинация бригадасында 313 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Канада Ресейге жаңа санкциялар енгізді
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы