Коронавирус. Алматы облысынан тағы 2 адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы облысында тіркелді. Бұл туралы коронавирустың еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам, Алматы қаласында – 57 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 193 науқас тіркелді.

Бұған дейін 3 адам жазылып шығып, бір адам қайтыс болған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы