Коронавирус. Алматы ауруханаларында 100-ден атсам бала ем алып жатыр

Алматы, BAQ.KZ.  Өткен тәулікте Алматыда 1549 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, оның 1483 симптомдық белгілері бар және 66 симптомсыз. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, кеше қаладағы ауруханалардан 176 науқас жазылып шыққан, ал келіп түскендер саны – 107.

Инфекциялық стационарларда жалпы саны 1 443 адам ем алып жатыр, оның 106-сы бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 96 науқас бар. ӨЖЖ – 18, инвазивті емес ӨЖЖ – 31, High flow-да 23 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 10 832 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 10 187, симптомсыз 645 науқас бар.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 1419 адам, 2-компонетін 990 адам салдырған.

Жалпы қала бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 1 114 025 адам, 2-компонентін 1 055 262 адам салдырды. Вакцина алғандардың ішінде 124 158 адам 60 жастан асқан қарт кісілер. Бүгінде Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 44 118 адам, оның ішінде 2 291 жүкті әйелдер, 9 681 емізулі аналар және 32 216 балалар мен жасөспірімдер егілді,-делінген хабарламада.

Қалада сондай-ақ 172 412 адам ревакцинациядан өткен.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы