Коронавирус: Алматыда 1 "а" санаты бойынша 704 адам карантинде жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір Алматыда коронавирустық инфекциямен байланыста болған адамдар үшін 1600-ден астам төсек орынға арналған 7 провизорлық медициналық ұйым жұмыс істеп тұр.
Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн-брифинг арқылы мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша, қалада карантинге оқшаулау үшін 7 нысанда 3000-нан астам орын ашу жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекциямен байланыста болған адамдар үшін 1600-ден астам төсек орынға арналған 7 провизорлық медициналық ұйым жұмыс жасауда. Карантинге оқшаулау үшін 7 нысанда 3000-нан астам орын ашу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 1А санаты бойынша карантинде көпбейінді стационарларда 704 адам бар. №1 көпбейінді медорталықта 259 адам, №2 көпбейінді медорталықта 168 адам, №3 көпбейінді медорталықта 277 адам карантинге орналастырылған.
Жалпы, ақпан айының басынан бастап ЖРВИ мен тұмау диагнозымен емдеуге жатқызылған 80-нен астам пациент жіберілді. Азаматтардың келуіне қолайлы болу үшін жеке гигиена құралдарына дейін қажетті барлық заттар дайын, - деді басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Еске сала кетсек, бүгін Алматыда 2 адамның коронавирусқа тапсырған тест нәтижесі расталды. Олардың біреуі Оңтүстік Кореядан Сеул-Алматы рейсімен 13 наурызда келген.