Коронавирус. Әлемдік ахуал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК соңғы тәуліктегі коронавирусқа қатысты әлемдік ахаулды жариялады.
Францияда дәрігерлер вакцинацияланбаған тұрғындар үшін COVID-19 емін ақылы етуді ұсынды, өйткені елдің денсаулық сақтау шығындары үнемі өсіп келеді. Орташа алғанда, бір науқасты реанимацияда емдеу Француз билігіне 3340 долларға шығады.
Австралия үдеткіш вакцинациялауға құқығы бар азаматтардың тізімін кеңейтті - енді ревакцинация 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін қол жетімді болды. Билік бұл шешімді елде коронавирустен болатын өлім көрсеткішінің өсуі аясында қабылдады.
Бірқатар елдерде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Бразилияда – 269 968, Түркияда – 93 586, Жапонияда – 81 816, Нидерландыда – 74 085, Оңтүстік Кореяда-17 542.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жастардың тағдырына бейжай қарамау керек - Лейла Кудреева
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы