Коронавирус. Әлемдегі жағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық Одақ АҚШ-тан кіруге шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Олар сондай-ақ Израиль, Черногория, Ливан, Солтүстік Македония және Косоводан кіруге шектеулер енгізуі мүмкін. 

Егер ЕО елдерінің ешқайсысы қарсылық білдірмесе бұл жаңа шектеулер 30 тамызда қабылданады.

Ұлыбританияда “дельта” нұсқасының таралуы ауруханаға жатқызу жиілігін екі есеге арттырды, вирустың бұл түрін жұқтырған пациенттердің реанимацияға түсу қаупі 1,5 есе жоғары. Ғалымдардың мұндай бақылаулары Lancet Infectious Diseases журналындағы мақалада жарияланды. Елдің барлық тұрғындары үшін инфекция мен ауруханаға жатқызу қаупін барынша азайту үшін халықты толық вакцинациялау қажет, - дейді дәрігерлер.

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі бұғы коронавирусының әлемдегі алғашқы жағдайлары туралы хабарлады. Вирус Огайо штатындағы ақ құйрықты бұғыда расталды. Сарапшылар ауру жұқтырған бұғыларда клиникалық белгілер байқалмағандығын айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы