Коронавирус. Әлемдегі жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайзия корольдігі коронавирусты жұқтыру фактілерінің өсімін тіркеуде. Өткен тәулікте инфекция салдарынан 487 науқас қайтыс болды, 14 990 жаңа SARS-CoV-2 тасымалдаушысы анықталды.
Олардың ішінде шетелден инфекция тасымалдануының 5 жағдайы бар. Жалпы алғанда, коронавирустық пандемия басталғаннан бері инфекция саны 2 142 924-ке жетті, 24 565 адам қайтыс болды. Қазіргі таңда Малайзияның жұқпалы аурулар госпитальдарының реанимация бөлімшелерінде 1 114 пациент бар, олардың 615-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Үндістанда тәулігіне COVID-19 ауруының 18% - дық өсіммен анықталды. 31 923 жаңа жағдай және 282 көз жұму жағдайы тіркелді, бұл осы аптадағы антирекорд. Елде құрбан болғандар саны 446 050 адамға дейін өсті. Бұл әлемдегі ең көп қоныстанған мемлекеттердің бірі, коронавирус статистикасы тіркелгеннен бері жұқтырғандардың саны 33 563 421-ге жетті. Елде жаппай вакцинация жалғасуда, бірінші компонентпен 83 миллионнан астам тұрғын егілді.