Коронавирус. Әлемдегі ахуал қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде 65 жастан асқан қарт адамдар мен созылмалы аурулары бар адамдар үшін міндетті оқшаулау режимі алынып тасталады.
8 наурыздан бастап бұл шара ұсынымдық сипатқа ие. Ресей астанасындағы барлар мен мейрамханалар түнде жұмыс істей алады, ал театрлар мен кинотеатрлар залдарды жартысына толтыра алады. Сонымен қатар, билік әлі де бетперде мен қолғап киюді, сондай-ақ әлеуметтік арақашықтықты сақтауды сұрайды.АҚШ-та 90 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алды. Бұл туралы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары хабарлады. Бұл ретте екі доза 30,7 млн-нан астам адамға енгізілді. Жалпы, Америка Құрама Штаттарында осы кезеңде халықты вакцинациялауға арналған препараттардың шамамен 116,4 миллион дозасы бар.
Румынияның Бухаресттегі мейрамханалар мен театрлардың қызметіне қайтадан тыйым салынды. Ел билігі 8 наурыздан бастап гастрономиялық қызметтер тек қонақ үйлердің қонақтарына ұсынуларына рұқсат етілді, ал қалғандары тамақтануға тапсырыс беруге мәжбүр болады. Театрлар, кинотеатрлар мен ойын залдары жабылуда. Мектептерде сабаққа қатысу тек бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін міндетті болды. Бір апта ішінде елде күніне тіркелген жаңа инфекциялар саны екі есе өскен.
Беларусь Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Дмитрий Чередниченко Беларуссияда 30-31 наурыздан бастап ресейлік "Спутник V" вакцинасын өнеркәсіптік өндірудің басталатынын хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Беларуссияда шығарылған вакцинаның сынақ партиясы Ресейдегі Гамалея институтында тұрақтылық пен тиімділікке тексеруден өтуде. Беларуссияда айына 500 мың доза вакцина шығарылады деп күтілуде.
Чехияда эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсуде. 7 наурызда елдің Денсаулық сақтау министрлігі індеттің күнделікті өсуі 9 066 құрағанын хабарлады. Бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 4483 жағдайға көп. Жалпы, пандемия басталғаннан бері 1,32 миллион адамнан коронавирустық инфекция анықталған. Бұл Чехия халқының шамамен 10 пайызына сәйкес келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде үшінші орынға көтерілді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы