Коронавирус. Әлемде індет өршіп келеді – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Айтуынша, соңғы жеті күннен бері әлем елдерінде коронавирус індеті өршіп келеді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша соңғы аптада Еуропа, Шығыс Жерорта теңізі мен Африка өңірлерін санамағанда, қалған 3 өңірде сырқаттану 30%-ға дейін өсті. Cоңғы аптада әлемнің 92 елінде сырқаттанудың өсуі байқалады, оның ішінде Әзірбайжанда соңғы аптада сырқаттану 115%-ға, яғни 892 жағдайдан 1920 жағдайға дейін, Жапонияда 70%-ға (611 мың жағдайдан 1 млн 38 мың жағдайға дейін), Польшада 63%- ға (10 мың жағдайдан 16 мың жағдайға дейін), Ресейде 49%-ға (29 мың жағдайдан 43 мың жағдайға дейін), Қытайда 36%- ға (889 жағдайдан 1205 жағдайға дейін), Венгрияда 28%-ға (8 мың жағдайдан 10 мың жағдайға дейін), Катарда 2%-ға (6 900 жағдайдан 7 100 жағдайға дейін) өскен, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сонымен қатар ол Омикрон штамы көптеп таралып жатқанын айтты.

COVID-19-дың Омикрон штамы барлық әлемдегі негізгі вирус ретінде өршуде. Оның үлесі зерттелген үлгілердің 95%-ын құрайды. Омикрон штамының арасында BA.5 және BA.4 үлесі артуда, соның ішінде вирустың BA.5 түрі 100 елде анықталды және бір аптада  барлық вирустың түрлерімен салыстырғанда вирустың BA.5 түрінің үлесі 54%-ға дейін өскен, - деді Айжан Есмағамбетова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы