Коронавирус: актер Том Хэнкстің ұлы ата-анасымен сөйлескенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Голливуд актеры Том Хэнкстың ұлы Чет Хэнкс ата-анасымен сөйлескенін және олардың коронавирус жұқтырғанын айтты. 

Иә, рас. Ата-анам коронавирус жұқтырған, сұмдық болып тұр. Қазір екеуі де Австралияда. Әкем фильмнің түсірілімінде жүрген. Олармен телефон арқылы сөйлестім. Айтуларына қарағанда, екеуінің жағдайы жақсы, өздерін жақсы сезінеді, бірақ, әрине, медициналық көмекке мұқтаж. Сіздердің уайымдап отырғандарыңызға ризамын. Барлығы жақсы болады деп ойлаймын. Абай болыңыздар, - деп жазды Чет Хэнкс.
Айта кетсек, америкалық актер Том Хэнкс және оның әйелі Рита Уилсон коронавирус жұқтырған. Бұл туралы актердың өзі хабарлады.

Әртістің айтуынша, қазір олар әйелі екеуі Австралияда екен. Ерлі-зайыптылар өздерін әлсіз сезініп, дәрігерге жүгінген. Әйелі Хэнкстің денесі тітіркеніп, қызуы көтерілген. 
Сәлем, достар. Рита және мен Австралиядамыз. Біз өзімізді шаршағандай, суық тигендей сезіндік, ауырып қалдық. Ританың денесі жиі тітіркенді. Барлығы дұрыс болуы үшін бізді коронавирусқа тексерді және ол расталды, - деп жазды актер Twitter парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы