Коронавирус. 509 науқастың жағдайы ауыр – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

Бүгіннен бастап еліміздің барлық өңірінде бірқатар шағын және орта бизнес субъектісінің жұмысы жанданады. Бірақ, қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртібі өзгерген жоқ, оны ұмытпау керек. Тұтынушыларды топтап қабылдауға тыйым салынады. Кез келген нысан антисептик, медициналық маскамен қамтылып, онда әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы талап етілуі тиіс. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығына келіп түскен ресми статистикаға сәйкес, елімізде 2020 жылдың 13 наурызынан бастап бүгінге дейін коронавирустық инфекциямен 103 033 адам ауырды, жазылып шыққан науқастар саны – 87 777 адам (80,3%), қайтыс болғандар саны – 1415. Ал, соңғы тәулікте 1219 адам жазылып шықты. 18 841 адам ем-дом шараларын қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде 99 бала бар. 3 279 адам стационарлық және 15 562 амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр, - деді ол. 

Бағдат Қожахметовтің айтуынша, емделіп жатқан науқастардың 3%-ның немесе 509 адамның жағдайы ауыр және өте ауыр деп бағалануда. 

Атап айтқанда, 406 адамның жағдайы ауыр және 103 адамның денсаулығы өте ауыр. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Соңғы екі аптадағы жағдайды салыстырмалы түрде алғанда, тамыздың 3-9 аралығында коронавирусты 7 108 адам жұқтырған, 222 адам қаза тапқан. Ал, ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен 7 940 жағдай тіркелген, оның 122 адамы қайтыс болған. Тамыздың 10-16 аралығында жағдай біршама өзгерді. Соңғы аптада COVID-19 вирусын 3 995 адам жұқтырып, 151 адам қайтқан. ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен 5 344 жағдай тіркеліп, 64 адам қаза тапқан. Осы көрсетілген кестеге қарап, елімізде індет жұқтыру көрсеткішінің азайып келе жатқанын байқауға болады, - деді ДСМ ресми өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы